Ссылки доступа

Қырғыз журналисі Болот Теміровтің адвокаттары Жоғарғы сотқа шағымданды


Қырғыз журналисі Болот Теміровтің адвокаттары Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді. Бұл туралы 7 шілдеде Азаттықтың Қырғыз қызметіне журналис адвокаттарының бірі Бақытбек Автандил хабарлады.

Кассациялық арызда адвокаттар Свердлов аудандық соты мен Бішкек қалалық сотының Болот Теміровке қатысты шешімдерінің күшін жоюды сұраған.

Болот Теміров былтыр 23 қарашада "Манас" әуежайында Бішкек-Мәскеу рейсіне отыруға мәжбүр болды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны Ресейге кетуге мәжбүрледі. Оның алдында Бішкек қалалық соты журналисті елден шығару жөнінде үкім шығарған. Соттың мұндай шешім қабылдауына журналист Қырғызстан паспортын заңсыз алды деген айып негіз боғлан. Сот шешімі сол күні орындалған.

Құқық қорғау органдары мен прокуратураның хабарлауынша, журналиске қатысты іс заңды қозғалған, ал тергеу талаптарға сай жүргізілген.

Болот Теміров тағылған айыптарды жоққа шығарып, оны журналистік қызметі үшін қудалады деп мәлімдеген.

Жергілікті және халықаралық ұйымдар мен адам құқықтарын қорғаушылар қырғыз билігін сөз еркіндігін қорғауға үндеп, Болот Теміров Қырғызстаннан заңсыз шығарылды деп есептейтінін айтқан.

XS
SM
MD
LG