Ссылки доступа

Ресейлік әнші Григорий Лепстің Ташкенттегі концерті өтпейтін болды


Ресейлік әнші Григорий Лепстің 23 қазанда Ташкентте өтеді деп жоспарланған концерті өтпейтін болды.

Өзбекстан мәдениет министрлігінің хабарлауынша, концерт "бірқатар техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды". Сатылған билеттер ақшасы қайтарылады.

Өзбекстандықтар Лепстің Ташкентте концерт қоюына қарсы шықты. Бұған әншінің Ресейдің Украинаға қарсы соғысты белсенді түрде қолдауы себеп болды.

Бұның алдында мәдениет министрінің орынбасары Бахадыр Ахмедов Өзбекстан өнерге кедергі жасамайды деп мәлімдеген.

Биыл маусым айының ортасында Григорий Лепс тағы бір ресейлік әнші Николай Басковпен бірге Петербург экономикалық форумына қатысып, Батыс елдері украин армиясына берген әрбір танкті жойған ресейлік сарбазға 1 млн рубль сыйақы беретінін мәлімдеген. 3 шілдеде Лепс Украинада "Леопард" неміс танкін жойған бір жауынгерге 1 млн рубль аударғанын айтқан.

Бұның алдында кремльшіл әнші Григорий Лепстің Қазақстан мен Қырғызстандағы концерттері де жергілікті қоғамның қарсылығына байланысты өтпейтіні мәлім болды.

XS
SM
MD
LG