Ссылки доступа

Бішкектегі №1 тергеу абақтысы қала сыртына көшіріледі 


Бішкектегі №21 тергеу абақтысы (халық арасында СИЗО №1 деп айтылып келеді-ред.) қала сыртына көшіріледі. Бұл туралы Жазаны атқару мемлекеттік (ЖАҚ) қызметінің басшысы орынбасары Кемел Садыков Фейсбук парақшасындағы тікелей эфирінде хабарлады. 

"Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қала ортасындағы мекемелерді сыртқа көшіру жоспары бар. №21, №23, №25 абақтыларын сыртқа көшіру іс-әрекеттері жүріп жатыр. Көшіру жұмысы қашан басталады, белгісіз", - деді Садыков.

Бішкектің Пудовкин-Горкий көшесінде орналасқан №1 тергеу абақтысында сот шешімі әлі шықпаған күдіктілер отырады. Қазір онда қанша адам қамалып отырғаны белгісіз. Құқық қорғаушылар абақтыда жағдайдың нашар екенін айтып келеді.

ЖАҚ-тың орталық стационарлық медициналық мекемесі болған №47 колония биыл толығымен бұзылып, онда қамалған сотталушылар жасаған қылмыс категорияларына және оларды қамау режиміне сәйкес арнайы басқа мекемелерге аударылған. Оның орнына ипотекаға көп қабатты тұрғын үй кешені салынып жатыр.

2022 жылы ресми мәліметке сәйкес, Қырғызстанда 11 түзету мекемесі, алты тергеу изоляторы, бір түрме, 13 түзету абақтысы, 50 аймақтық жазаны атқару инспекциясы бар.

2020 жылға қарағанда жаза мерзімін 9 мыңнан астам адам өтеп жатыр. Олардың 500-ден астамы әйелдер.

XS
SM
MD
LG