Ссылки доступа

ЕҚЫҰ миссиясы: Өзбекстанда президент сайлауы бәсекесіз өтті 


көрнекі сурет 
көрнекі сурет 

Өзбекстанда 9 шілдеде мерзімінен бұрын өткен президент сайлауы "техникалық жақтан жақсы ұйымдастырылған, бірақ "шынайы бәсеке болған жоқ". Осылай деп ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бойынша бюро байқаушылары мәлімдеді. 

"Тіркелген барлық үміткерлерге еркін үгіт-насихат жүргізу мүмкіндігі болды. Оларға үгіт материалдарын өндіруде, тарқатуда, іс-шараларды ұйымдастыруда және мемлекеттік қаржыландыруда бірдей шарттар түзілген", - деді ЕҚЫҰ-ның байқаушылар миссиясының басшысы Урсула Гацек Ташкенттегі баспасөз жиынында.

Оның сөзінше, сонымен бірге сайлау барысы "белсенді жүрмей", бірқатар сайлаушылардың сөздері "алдын ала дайындалғандай көрінді". Бұдан бөлек үміткерлердің бірінің де "баламалы саяси көзқарастары" айтылмаған.

"Үміткерлерге заңға сәйкес мемлекеттік телеканалдардан тегін эфир уақыты берілді. Бірақ шектеулер болды, есесіне президент жаңалықтарда өте көп көрсетілді", - деді Урсула Гацек.

Ол сонымен бірге сайлау учскелерінде бума-бума бюллетендерді тастау болғанын, сайлау тізімінде ұқсас қол таңбалар көп болғанын жеткізді.

ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бойынша бюросының 40 адамнан тұрған байқаушылар миссиясы Өзбекстандағы жұмысыг 7 маусымда бастаған. Сайлау күні ЕҚЫҰға мүше 26 елден тағы 198 байқаушы тартылып, дауыс беру процесіне мониторинг жасады.

XS
SM
MD
LG