Ссылки доступа

Моңғолияда Қырғызстан елшілігі ашылды


11 шілдеде Ұлан-Батор қаласында Қырғызстанның Моңғолиядағы елшілігі ашылды. Бұл туралы қырғыз президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елшілікті Айбек Артықбаев басқарады. Елші бұған дейін сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Моңғолияда жүр. Ол елшіні сапар қарсаңында, 8 шілдеде тағайындаған.

Президент Садыр Жапаровтың Моңғолияға сапары 9 шілдеде басталды. Ол моңғол президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен кездесті. Қырғызстан президенті соңғы мәрте Моңғолияға 21 жыл бұрын келгені айтылды. Келіссөздер нәтижесінде мемлекет басшылары достық және әріптестік туралы бірлескен декларацияға қол қойды.

XS
SM
MD
LG