ТАСС агенттігі хабарлағандай, тәжік тарап Германиядан бұл қылмыстық іс туралы ресми мәлімет сұрап, қамалғандар расында тәжікстандықтар екенін растайтын мәліметтерді беруді өтінген.
Өткен аптада Германия бас прокуратурасы Германия мен Нидерландта теракт ұйымдастыруды көздеген жеті орталықазиялықтың қамалғанын, олардың бесеуі тәжік, біреуі қырғыз және бір түркімен азаматы екенін мәлімдеген.
Reuters агенттігі хабарлағандай, қамалғандардың арасында 2022 жылы "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы үшін шетелдегі есеп-шоттарына ақша аударғандар бар.
Тәжікстанның ресми мәліметіне сәйкес, "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы құрылған 2013 жылдан бері 2 мыңнан астам тәжік азаматы Сирия мен Иракка барған. Соғыс әрекеттерінің барысында олардың көбі қайтыс болған. Бірқатары өз қалауымен отанына оралып, ұзақ мерзімге сотталған.