Ссылки доступа

Тәжікстанда көрші әйелді ұрған ер азамат айыппұл төлеумен құтылған (видео)


Хатлон облысының Фархор аудандық соты көрші әйелді ұрған ер азаматқа айыппұл салды. Әкімшілік жазаға тартылған азаматтың әрекеті туралы видео әлеуметтік желілерде тараған.

Бегахмад Назаров көршісі Мохихубон Тилавоваға қол көтергені үшін әкімшілік жазаға тартылды, бірақ жәбірленуші одан қатаң жаза талап етіп отыр.

Жанжал бір ай бұрын Фархор ауданындағы Афарди қышлағында болған. Мохихубон Тилавоваға сиыры қораға кіріп кеткені үшін көршісі шабуылдаған. Мохихубон болса Бегахмад оның сиырларын аулаға әдейі кіргізген деп көршінің өзін айыптап отыр.

Мохихубон көршінің қорасында жайылып жүрген сиырларын айдап шығарып жатқан уақытта Бегахмад оған шабуылдаған. "Сиырды ағашқа байлап қойыпты, оны тезірек босатқым келген, бірақ көршім мұрсат бермеді. Ол мені балағаттады. Біз қашуға әрекеттендік, бірақ мен көрші маған қол көтереді деп ойламадым" дейді Мохихубон.

Бегахмад Назаровтың пікірін білу мүмкін болмады.

Мохихубон Тилавова аудандық милицияға шағымданған. Назаровқа қарсы әкімшілік іс қозғалған. Сот ұсақ бұзақылық жасады деген айыппен оған 476 сомони (шамамен 43 доллар) айыппұл салды.

Сот шешімінде айыпталушының жәбірленушіге қол көтергені туралы ештеңе айтылмаған, балағаттағаны жөнінде сөз болған. Тилавованың туыстары сот әділетсіз шешім шығарды деп есептейді. Енді олар сотқа арыздануды көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG