Қалалық полицияның баспасөз хатшысы Әбсаттар Тавакаловтың айтуынша, іс ұсақ бұзақылық деп бағаланған, сол себепті әкімшілік шара қолданылады. Қойчуқұловқа қанша айыппұл салынатынын сот шешеді.
27 маусымда облыстық полиция сот-медицина сараптамасының қорытындысы шыққанын, Исаков денесінде соққы ізі қалмағанын хабарлаған.
Оқиға 12 маусымда болған. Журналист "Жетекшілерге жем болған пансионат" бағдарламасының жалғасын түсіріп жүрген уақытта шабуылға ұшыраған. Ыдырыс Исаков оқиға кезінде түсірілген шағын видео жариялаған. Видеодан Маматкәрім Қойчуқұлов журналистің бетінен ұрып жатқанын көруге болады.
Оштағы БАҚ өкілдері үндеу жариялап, бұл оқиғаны сөз еркіндігіне жасалған қиянат деп бағалаған.
Ыдырыс Исаков бірнеше жыл Азаттықтың қырғыз қызметінде істеген. Қазір ол YouTube порталында арна ашып, түрлі тақырыптарды зерттеп жүр. Оның арнасына 484 мың адам жазылған.