Ссылки доступа

Қырғызстанда заңсыз жұмыс істеген 45 ойын мекемесі жабылды


Қырғызстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Бішкек пен Ош қалаларында, сонымен бірге Шу, Ош және Жалал-Абад облыстарындағы мекемелерге тінту жүргізілген.

Министрлік мәліметінше, тексеру барысында компьютерлік техникалар тәркіленіп, мекеме қызметкерлері тергелген. Бұл мекемелер бинарлық опцион саудасы жүргізіледі деген желеумен түрлі құмар ойындар ұйымдастырған.

Министрлік нысандардың бәрі жабылғанын хабарлады.

Еске салайық, Қырғызстан 2012 жылы ойын мекемелерінің қызметіне тыйым салып, 2022 жылғы жазда ғана ол заңның күшін жойды. Жогорку Кеңеште мұндай заңның қабылдауына қарсы бірнеше наразылық акциясы өткен. Бірақ билік мұндай мекемелерге Қырғызстан азаматтары кіре алмайды деп сендірген. Алайда қоғам шектеулер дұрыс жұмыс істейтініне күмән келтіріп отыр.

Құмар ойын ұйымдастыру үшін арнайы лизенция алу керек. Алайда бір жылда қанша осындай лизенция берілгені әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG