Ссылки доступа

Қырғызстанда блогер Ертай Искаков екі айға қамалды 


17 шілдеде Сокулук аудандық соты блогер Ертай Искаковты екі айға қамау жөнінде шешім шығарды. 

Ол 15 қыркүйекке дейін тергеу абақтысында отырады.

14 шілдеде Селекция мен Сары-Өзен ауылы тұрғындары бірнеше күннен бері ауыз судың болмағанына наразылық білдіріп, Бішкектегі Жайыл батыр көшесін жапқан.

Наразылық білдірушілердің арасында блогер Ертай Искаков та болған. Ол оқиға орнынан әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шыққан. Оған қатысты "бұзақылық" бабымен айып тағылды.

Өткен жексенбіде Сары-Өзен ауылының 20-ға тарта тұрғыны қырғыз президенті Садыр Жапаровқа ашық хат жазып, блогерді босатуды сұрады.

Сары-Өзен елдімекені Шу облысының Сокулук ауданына қарайды.

XS
SM
MD
LG