Ссылки доступа

Қытай сайты Тәжікстандағы жесір әйелдер туралы мақаласын алып тастады 


Қытайдың Sohu (搜狐网) ақпараттық сайты Тәжікстандағы демографиялық ахуал жөніндегі мақаласын алып тастады. 

25 мамырда жариялаған мақалада Тәжікстанда 800 мыңнан астам жесір әйел бар екені жазылған. "Сіздер бұған сенесіздер ме? 9 миллионнан астам халқы бар Тәжікстанда 800 мыңнан астам жесір әйел бар. Олардың күйеулері қайда?", - деп сұрау салған мақала авторы.

Автор СССР тарағаннан кейін Тәжікстанда азаматтық соғыс басталып, "ер азаматтардың көбі елден шығып кеткенін" жазған. "Одан соң экономикалық қиындықтар туып, тәжік отбасында қалған ер азаматтардың дені шетелде жұмыс істеп жүргені" айтылған.

Sohu сайты редакциясы тәжік жесірлері туралы мақаланың не себептен өшіргені туралы түсініктеме бермеген.

Тәжікстан билігі бұл мақалаға қатысты ешқандай реакция білдірмеді.

XS
SM
MD
LG