Ссылки доступа

Тәжікстан билігі цемент экспортына тыйым салды


Тәжікстан 11 шілдеден бастап цемент экспортына тыйым салды. Құрылыс материалдарын шетелге шығаруға тыйым салынғаны кеден қызметі басшысының қарамағандағы мекелерге жазған хатынан белгілі болды.

Азаттықтың Тәжік қызметі редакциясына келіп түскен хат көшірмесіне қарағанда, үкімет ішкі нарықты реттеу мақсатында цемент экспортына тыйым салған. Цемент бұған дейін Ауғанстан, Өзбекстан және Қырғызстанға экспортталып келген.

Тәжікстан билігі цемент экспортына тыйым салу себебін түсіндірмей отыр. Саудагерлер болма мұндай шешімді ішкі нарықта сұраныстың артуымен байланыстырады.

Саудагер Жәмшед Нозимовтың айтуынша, бір қап цемент бағасы биыл 3-4 сомониге көтеріліп, 55-56 сомони болған.

Тағы бір саудагер Мунис Кодиров күніне 250-300 қап цемент сататынын айтты.

Тәжікстанда 16 кәсіпорын цемент шығарумен айналысады. Олар бір жылда 5,6 млн тонна цемент өндіреді.

XS
SM
MD
LG