Ссылки доступа

Алматы облысында балалар лагері сауна ғимаратында ашылған (видео)


В Алматинской области детский лагерь разместили в здании сауны
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:28 0:00

Алматы облысында жағдайы нашар отбасылардың балаларына ашылған лагерь төңірегінде дау шықты.

Демалуға келген оқушыларды жұмыс істеп тұрған сауна ғимаратына орналастырған. Олар тұрмысқа бейімделмеген бөлменің еденінде ұйықтауға мәжбүр болған. Ата-аналар дабыл қаққаннан кейін ғана білім басқармасының қызметкерлері қала шетіндегі лагерьге барған.

Жағдайы нашар отбасылардың балаларын Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы балалар лагеріне жіберген. Балалардың қандай жағдайда тұрып жатқанын ата-аналар кейін білген.

"Біз балаларды алып кетуге келдік. Барып тұрған бассыздық! Балалар қайда ұйықтап жүргенін білесіз бе? Компьютерлік клубта, саунада, кафеде" дейді ата-аналардың бірі видеоға түсіріп жүріп. Видеодан балалар еденге жатып жүргенін көруге болады. Лагерь қызметкерлері "бөлмелер ыстық болған соң балалар осында жатуға сұранды" деп жауап берген.

Балалар орналасқан ғимаратта сауна жұмыс істеп тұрғанын білген ата-аналар одан сайын ашуланды. Ата-аналар осы жерден жартылай жалаңаш ер азаматтарды көрген.

Ата-аналар дабыл қаққаннан кейін ғана Алматы білім басқармасы тендер ұтып алған фирма қызметін тексеруге кірісті. Мәлім болғандай, мемлекет бір жарым жарым мың баланы жазғы лагерьлерде демалдыру үшін 247 мың доллардан астам қаражат бөлген. Ал тендер ұтып алған компания жұмыс істеп тұрған сауықтыру лагерінің атын пайдаланған.

Алматы білім басқармасы "аталған ұйыммен келісімді бұзу мәселесін қарайтынын" хабарлады. Енді балаларды үйге жіберіп жатыр. Оларды жақында басқа бір лагерьлерге жібереді.

Tengrinews.kz мәліметінше, Алматы прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG