Қырғызстан омбудсмен институты баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұлттық заңманамалардың халықаралық құқық талаптарына қаншалықты сай екенін тексеру барысында мекеме осында қорытындыға тоқтаған.
Институт "адам құқықтары мен еркіндіктеріне қатысты халықаралық талаптарға сай болу" мақсатында даулы заң жобасынан бас тартуды ұсынып отыр. Дей тұрғанмен Жәмила Жаманбаева жобаның жаңа нұсқасын мамандардың көмегімен дайындауға кеңес берген.
Еске салайық, "шетел өкілдері" түсінігін енгізуді көздейтін заң жобасы Жогорку Кеңешке 19 мамырда түскен. Осындай бастаманы депутат Надира Нарматова көтерген, кейін оған тағы 30 депутат қосылған. Бірақ олардың бірнешеуі құжатқа қол қоюдан бас тартқан. Надира Нарматов заң жобасы парламентте күзде қаралады дейді.
Халықаралық ұйымдар "Ресейдің үкіметтік емес ұйымдар қызметін шектейтін заңы негізінде дайындалған" заң жобасынан бас тартуды сұраған. Жергілікті адам құқықтарын қорғаушылар, медиақауымдастық және кәсіпкерлер қауымдастығы да мұндай құжаттың қабылдануына қарсы.