Ссылки доступа

Үкімет Ақтаудағы МАЭК-ті жөндеуге 4,9 миллиард теңге бөлетінін хабарлады


МАЭК, Ақтау
МАЭК, Ақтау

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатын (МАЭК) жөндеу үшін Қазақстан үкіметі резервінен 4,9 миллиард теңге бөлінді. Үкімет баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, бұл қаражатты Маңғыстау облысының әкімдігі сұраған.

МАЭК өзіне қажетті құрал-жабдықтар тізімін берген.

3 шілдеді МАЭК-те, сонан соң Атырау мұнай өңдеу зауытында апат болып, Маңғыстау және Атырау облыстарында мыңдаған адам ауызсусыз қалған. Электр жарығы өшіп, мұнай кәсіпорындары тоқтаған.

МАЭК құрал-жабдықтарының 80 пайыздан астамы тозғаны туралы сол кезде айтылған.

XS
SM
MD
LG