Ссылки доступа

Өзбекстанда тағы бір блогер отадан кейін қайтыс болды


19 шілдеде миға ота жасатқаннан кейін блогер Asad Algo қайтыс болды. Қаралы хабар миллионға жуық оқырманы бар блогердің Instagram парағы арқылы тарады.

Өзбекстан бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдиновтің хабарлауынша, осы оқиғаға қатыстытергеуге дейінгі тексеру жүріп жатыр.

Блогер өлімінің себебін анықтау үшін сот-медицина сараптамасы тағайындалған.

Бұған дейін - 5 наурызда Ташкентте Mittivine атымен танымал 26 жастағы блогер Фарход Маннопов мұрынға ота жасатқаннан кейін қайтыс болған. Ота басталардан 20 минут бұрын ол әлеуметтік желілерде мұрындағы жарасын жазғысы келетінін айтқан. Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке қарағанда, танымал вайнер "көп беріліп қойған анестезиядан уланып өлген".

23 мамырда Ташкентте Өзбекстан семсерлесу федерациясының бас төрешісі Аида Хасанова 39 жасында қайтыс болды. Бір күн бұрын ол жекеменшік косметикалық клиникадада ота жасатқан. Бас прокуратура мәліметінше, Аида Гасанова 23 мамырда пластикалық отадан кейін қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG