Ссылки доступа

15 жастағы өзбек азаматын Нью-Йоркте атып кетті


Өзбекстан тумасы Фаридун Мавлоновты Нью-Йорктің Бруклин ауданында 20-авенюде атып кетті. The New York Times басылымының жазуынша, оқиға 17 шілдеде болған.

Полиция мәліметінше, атыстан екі сағат бұрын оқушылардың екі түрлі тобының арасында жанжал болған. Оқудан шыққаннан кейін олар көшеде кездесіп, дауды төбелеспен шешуге келіскен. Алайда арасында Фаридун Мавлонов та бар топ уағдаласқан жерге жеткен уақытта екінші топ ішіндегі 17 жастағы жасөспірім оларды тапаншамен ата бастаған. Оқ тиген Фаридун ауруханада есін жимастан қайтыс болды.

The New York Times газетінің жазуынша, Фаридун Мавлонов отбасы АҚШ-қа Өзбекстаннан 12 жыл бұрын көшіп келген. Марқұмның әкесі Фирдавс Мавлонов шаштараз болып істейді. Фаридун - алты ұлдың бірі.

Полицияның хабарлауынша, 2020 жылдан бері Нью-Йоркте жастар арасында қылмыс көбейген. Бұның алдында, 4 шілдеде осы қалада 15 жастағы жасөспірімді өлтіріп кеткен. Полиция мәліметінше, биыл 18 жасқа толмаған 62 бала қарулы шабуыл құрбаны болған.

XS
SM
MD
LG