Оның айтуынша, қаражатқа әскери техника мен қару-жарақ сатып сатып алынып жатыр. 2020 жылы бұл салаға 3,5 миллиард сом, 2021 жылы 32 миллиард сом, ал 2022 жылы 53 миллиард сом аударылған. 2023 жылдың алғашқы жартысында ғана мемлекеттік бюджеттен қорғанысқа 40 миллиард сом аударылған.
"Біз қашықтан басқарылатын әлемнің көп елдерінде жоқ "Байрақтар", "Ақсүңгүр" және "Ақынжи" ұшу аппараттарын, әуе қорғанысы жүйесін, Ми- 8, Ми-17 тікұшақтарын сатып алдық" дейді Тәшиев.
Маусым айында Қырғызстан қорғаныс министрлігі республиканың жаңа әскери доктринасы жобасын таныстырған. Құжат авторларының айтуынша, әскери саясаттың басты мақсаты - елдің дамуына, егемендікті қорғауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және агрессияға жол бермеуге жағдай жасау. Бұған қоса, авторлар қарулы қақтығыстарды болдырмауға баса назар аударған.
Әскери доктринаны талқылау кезінде СІМ құжат жобасына "сыртқы агрессия" түсінігін енгізуді ұсынған.