Ссылки доступа

"Қышлақтарыңа қайтыңдар": Ресейден депортацияланған тәжік мигрантының әңгімесі (видео)


Биыл жазда Мәскеу облысындағы қалаларында еңбек мигранттарына қарсы бірнеше шулы оқиға болды. Құқық қорғау органдары аймақтағы мешіттерге жұма намазына жиналған қауымның құжаттарын тексерді.

Рейд жүргізушілер мешітке жиналғандарды балағаттап, оларға күш көрсетуден қымсынбаған. Мәскеу облысындағы мұсылмандар Ресей президентіне үндеу жолдап, полиция әрекетінен қорғауды сұраған. Жанжалға Мәскеу облысы мұсылмандарының діни басқармасы, заңгерлер, тіпті Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров та араласты. Олардың бәрі полиция әрекетін сынады. Мәскеу облысының губернаторы Владимир Воробьев аймақтағы қала басшыларын мигранттар жағдайын талқылауға үндеді.

"Настоящее Время. Азия" редакциясына Тәжікстанның бір азаматы хабарласып, үш апта бұрын оны полиция Мәскеуде ұстағанын айтты. Еңбек мигранты өз құқығын қорғауға тырысқан.

Мигрант из Таджикистана – о полицейских рейдах в России и своей депортации
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:21 0:00

– [Бізді ұстаған уақытта], онда бірнеше елдің, соның ішінде Тәжікстанның да азаматтары тұрды (ол күні екі адамды ғана алып кетті). Паспортты ашып көргісі көрмеді. Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары екенін көріп, құжаттарды қайтарып бере салды. Бірақ Тәжікстан азаматтарын, яғни екеумізді ұстады. Көлікке отырған уақытта боқтық араластыра сөйлеген кіші лейтенант: "... мұнда неге келдіңдер? Қышлақтарына картоп қазуға қайтыңдар" деді. Мен жауап бермедім, өйткені жанжал шығарғым келген жоқ.

Полиция бөлімінде лейтенант: "Бітті, сен депортацияландың. Есегіңе қайтасың" деді.

Сотта ешкімді тыңдап жатпады. Біз робот, не ойыншық сияқтымыз. Адам құрлы көрмей, "бұл жерден көзіңді жоғалт" деп қуып шықты" дейді өзін қорғауға мүмкіндігі болмаған еңбек мигранты.

Тәжікстан азаматы Ресейден осылай депортацияланған.

XS
SM
MD
LG