Ссылки доступа

Тәжікстанда қарызы бар 2600 адамның шетелге шығуына тыйым салынды 


Тәжікстанның үкіметі жанындағы атқару қызметі 2600 адамды борышкерлердің реестріне енгізді. Олар банктерге, мекемелерге және жеке адамдарға қарызын төлей алмай жүрген азаматтар. Бұл тізімге енгендер шетелге шыға алмайды. 

Атқару қызметі жылдың басында 850-ден астам борышкерлердің аты-жөнін жариялаған. Кейін жалпы 7 миллион сомониден астам қарыз иелеріне төленіп берілгені айтылған. Бұл сома 639 мың АҚШ долларына тең.

"Озоди" радиосы атап өткендей, мемлекеттік реестрде бюрократиялық кешіктірулерден, жемқорлықтан және кәсіптегі кедергілерден қарыз болып қалған жүздеген адам бар.

Жыл сайын осындай мәселелерден кейін Тәжікстанда бірқатар кәсіп өзін банкрот деп жариялайды.

XS
SM
MD
LG