Ссылки доступа

Тәжікстан билігі 2013 жылға дейінгі шыққан көліктерді әкелуге тыйым салмақ 


Тәжікстан билігі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елге 2013 жылға дейін өндірілген көліктерді алып келуге тыйым салу жөніндегі қаулыны дайындады. 

Бұл бұл шешімін ескі көліктердің қатысуындағы жол апаты көбейгені, сонымен бірге ауаның былғану деңгейі жоғалып жатқанымен түсіндірді.

Бірқатар жүргізушілер 2013 жылға дейін өндірілген көліктерді кіргізуге тыйым салу жол апатының азаюына көмектеспейтінін айтады. Олар бұл шешім көліктердің қымбаттауына алып келуі мүмкін.

Тәжік үкіметі 2018 жылы 2005 жылға дейін өндірілген көліктерді өлкеге алып кіруге тыйым салған.

Кеден қызметінің мәліметіне қарағанда, былтыр соңғы алты айда Тәжікстанға 21 мыңнан астам жеңіл көлік кіргізілген. Бұл 2021 жылдың соңғы алты айындағы көрсеткішпен салыстырғанда төрт есеге көп.

XS
SM
MD
LG