Ссылки доступа

Қырғызстан Тәжікстанмен шекарада атылған оққа қатысты пікір білдірді 


Қырғызстанның шекара қызметі "Тәжікстанмен шекарада 23 шілдеде оқ атылды" деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеді.  

23 шілдеде Тәжікстанның "Плотина" шекара бекетінде 2 рет оқ атылған.

Осы күні қырғыз және тәжік шекарашылары шұғыл кездесу өткізген. Тексеру барысында тәжік тарабы сарбаз байқаусызда қаруынан оқ атқанын мәлімдеген. Ешкім зардап шекпеген.

Оқ атылғаны жөніндегі видеоны түсірген қырғыз азаматын әңгімеге шақырып, болған жағдайды айтқан. Бірақ соған қарамастан, ол азамат видеоны әлеуметтік желіге таратып жіберген дейді.

Қырғызстанның шекара қызметі азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырады.

24 шілдедегі жағдай бойынша қырғыз-тәжік шекарасында жағдай бірқалыпты делінеді.

XS
SM
MD
LG