Ссылки доступа

Беларусь билігі белсенді Низомиддин Насриддиновты Тәжікстанға экстрадициялады 


Низомиддин Насриддинов 
Низомиддин Насриддинов 

Беларусь билігі оппозициялық белсенді Низомиддин Насриддиновті Тәжікстанға өткеріп берді. Бұл туралы Насриддиновтың адвокаты оның Германияда тұратын туыстарына хабарлады. 

Насриддиновтың экстрадициялануы бойынша әзірге ресми мәлімдеме болмады.

"Адвокат үш күн бұрын Гродно қаласына бауырыммен кездесуге барған. Бірақ ол жақта оны қалаға ауыстырғанын айтқан. Беларусь бас прокуратурасы адвокатқа Низомиддин Тәжікстанға экстрадицияланғанын хабарлаған", - деді 24 шілдеде Низомиддиннің ағасы Саидризо Насриддинов.

35 жастағы Насриддинов биыл 8 қаңтарда беларусь шекарасынан өтіп бара жатқанда ұсталып, Гродно қаласындағы тергеу абақтысына қамалған. 21 ақпанда Тәжікстан оны экстрадициялауға өтініш берген.

Тәжікстанда Насриддиновке қарсы "Экстремистік іс-әрекетке жария түрде шақырды" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап бойынша ол айыпты деп танылса, үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Низомиддин Насриддинов 2015 жылдан бері Германияда тұрып келді. Бұл елде оған және отбасына саяси баспана берген.

XS
SM
MD
LG