Ссылки доступа

Өзбекстан: Украинада соғысып жатқан өзбек азаматтары жөніндегі ақпарат тексеріледі 


Өзбекстанның Украинадағы елшілігі осы елдің Қарулы күштері бас штабының оккупацияланған Горловка қаласында орыс армиясының қатарында Өзбекстан азаматтары соғысып жатқаны туралы мәлімдемесіне пікір білдірді. 

Украин тараптың айтуынша, өзбекстандықтар Мариупольға құрылыс үшін келген, бірақ олардың төлқұжаттарын тартып алып, ерікті ретінде мобилизациялаған.

Жергілікті басылымдар хабарлағандай, елшілік бұл бойынша Украинаның сыртқы істер министрлігіне сұрау жөнелткен.

"Бұл мәселе дипломатиялық өкілдіктің бақылауында. Украина тараптың мәліметі расталса, біздің азаматтардың мүддесін қорғау үшін барлық шаралар қарастырылады", - деді елшілік.

Осыған дейін Украинаның Ташкенттегі елшілігі өзбек азаматтарын соғысқа қатыспауға және Украинаның уақытша оккупацияланған аймақтарына бармауға шақырған. Талапқа бас имегендер жауапкершілікке тартылатынын ескерткен.

XS
SM
MD
LG