Ссылки доступа

Полицияның екі қызметкері пара алды деген айыппен жеті жылға сотталды


Шымкент қаласы ауданаралық қылмыстық соты жергілікті полиция қызметі көлік полициясы полкінің 4-рота командирі К. Әлімханов пен 8-рота командирі Н. Мырзәлиевті жеті жылға соттады. Бұл туралы жемқорлықпен күрес қызметі хабарлады.

Сот шешімімен, сотталған полицейлер өмір бойы мемлекеттік қызметке орналаса алмайды.

Полицияның екі қызметкері қарамағындағы адамдардан үнемі 5-10 мың теңге пара алды деп бірнеше мәрте айыпталған.

"Бұған қоса, Әлімханов қарамағындағылар арқылы Шымкент тұрғынынан әкімшілік жауапқа тартпау үшін 130 мың заңсыз сыйақы алған" деп хабарлады жемқорлықпен күрес қызметі.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ. Сотталушылардың үкімге қатысты пікірін білу мүмкін болмады.

Қазақстанда полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдар жиі айтылады. Мұндай айыптардың бірқатары ғана сотқа дейін жетіп, оларға үкім шығып жатады.

XS
SM
MD
LG