Ссылки доступа

Орталық Азия мен Армения банктері "Юнистрим" жүйесімен жұмыс істеуді тоқтатты 


Өзбекстанның екі банкі, Қырғызстанның алты банкі және Арменияның төрт банкі мемлекеттер арасында ақша аударатын ресейлік "Юнистрим" төлем жүйесімен жұмыс істеуді тоқтатты. 20 шілдеде "Юнистрим" банк-операторына АҚШ санкция салды.

"Сибирь.Реалии" сайтының хабарлауынша, Өзбекстанның "Халық банкі" мен "Ипотека банкі", Қырғызстанның "Компаньон", Finсa банк, РСК банк, Капитал банк, Халык банк және Банк Азия, сонымен бірге Армениядағы "Ардшинбанк" пен "Конверс банктер" "Юнистрим" жүйесімен ақша аудару процесін тоқтатқан.

Қазақстанның "Қазпошта" ұлттық операторы мен "Нұрбанк" те бұл төлем жүйесімен жұмыс істемейді. Грузияның Bank of Georgia және ТВС банктері мен Тәжікстанның "Ориенбанк" және "Хумо банкі" де аталған ресейлік ақша аудару жүйесін тоқтатқан.

"Юнистрим" – әлемнің 30-дан астам елінде жұмыс істеп келген Ресейдегі ең ірі ақша аудару жүйесі.

Украинада соғыс басталғаннан кейін "Юнистрим", Contact және "Золотая корона" арқылы ақша аудару бірнеше есе артқан.

Мысалы 2022 жылы Ресейден Қазақстан, Грузия және Арменияға ақша аудару 300–600% өскен. Бұлардың бәрі "Золотая Корона", "Юнистрим" және Contact арқылы ақша аударған.

  • Ресейден Грузияға 2 млрд доллар ақша аударылған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 403% көп;
  • Ресейден Қазақстанға 775 млн доллар ақша аударған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 579% көп;
  • Өзбекстанға 14,5 млрд доллар ақша аударылған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 160% көп;
  • Қырғызстанға 2022 жылдың он бір айында 2,6 млрд доллар аударылған.
XS
SM
MD
LG