Ссылки доступа

Қырғыз соты экс-министр Динара Кутманованы екі аптаға қамауды шешті  


Қырғызстанның табиғи ресурстар, экология және техникалық бақылау министрі болған Динара Кутманова сот шешімімен екі аптаға, 9 тамызға дейін қамауға алынды. 

Бірінші май аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеушілердің өтініші қанағаттандырылған.

25 шілдеде елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті Динара Кутманованы "коррупциялық істі негізгі ұйымдастырушы" деп атаған. Мекеме экс-министрді бұл іске өзінің туыстарын да тартқан деп айыптаған.

Осының алдында Құмтөр кешеніндегі коррупциялық әрекет бойынша экс-министрдің Түркияда тұратын ұлы да депортацияланады деп мәлімдеген.

Бұл іс аясында тағы алты адам ұсталған. Оның екеуі үйқамаққа босатылған. Олардың арасында экс-министрдің туған сіңлісі бар.

XS
SM
MD
LG