Ссылки доступа

"Юнистрим" Өзбекстанда қызметі тоқтады деген мәліметті жоққа шығарды


"Юнистрим" Өзбекстанға ақша аударуды тоқтатқан жоқ, қайта UzCard пен HUMO карталарына ақша аудары лимитін ұзартты. Бұл туралы ТАСС төлем жүйесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Мәліметке қарағанда, енді UzCard пен HUMO карталарына бір айда шамамен 165 млн сум ($14 мың) немесе 1,3 млн рубль аударуға болады.

"Юнистримнің" мәлімдеуінше, ақша рубльмен ауралады, бірақ ұлттық валютамен есептеледі.

Бұның алдында Өзбекстанда кем дегенде бес банк ресейлік "Юнистрим" төлем жүйесімен жұмыс істеуді доғарғаны хабарланған. АҚШ 20 шілдеде "Юнистримге" санкция салған.

21 шілдеде "Ипотека-банк", 24 шілдеде "Халкбанк", "Трастбанк", 25 шілдеде "Туронбанк" және "Хамкорбанк" ресейлік "Юнистриммен" жұмыс істеуді уақытша тоқтатқанын жариялады.

XS
SM
MD
LG