Ссылки доступа

Қырғыз президенті энергетика саласындағы төтенше жағдай мәнін түсіндірді


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік "Кабар" ақпарат агенттігіне берген сұқбатында энергетика саласындағы төтенше жағдай мәнін түсіндірді.

Оның айтуынша, шын мәнінде энергетикада төтенше жағдай деген жоқ, қабылданған жарлық министрліктің салаға қатысты шешім қабылдаудағы құзыретін күшейтеді. Атап айтқанда, энергетика министрі су, энергетика, гидроэнергетика және басқа да мәселелерді үйлестіреді.

"Біз энергетика саласындағы барлық мәселелерді келістіруге жағдай жасап отырмыз" дейді қырғыз президенті.

Энергетика саласындағы төтенше жағдай 1 тамызда күшіне енеді.

20 шілдеде үкімет отырысында энергетика министрі Таалайбек Ибраев төтенше жағдай жарияланбаса, электр қуаты тапшылығы өсе береді деп мәлімдеген. Садыр Жапаров тиісті жарлыққа 24 шілдеде қол қойған.

XS
SM
MD
LG