Ссылки доступа

Ташкентте блогер Абдукодир Муминовке қатысты сот ісі жүріп жатыр


Ташкентте блогер Абдукодир Муминовке қатысты тергеу аяқталып, сот процесі басталды. Оған ірі көлемде ақша бопсалау, алаяқтық, пара беруге қатысты деген айыптар тағылды. 

Сот процесі Ташкенттің Мирабад ауданында судья Сардорбек Содиковтың төрағалық етуімен өтіп жатыр.

1990 жылы туған Абдукодир Муминов Ko'zgu ютуб каналының (247 мың жазылушысы бар) жүргізушісі және Oynaga qarang компаниясының жетекшісі.

Сот процесінде 14 жәбірленуші тыңдалып жатыр. Арасында бірнеше кәсіпкерлер бар. Жалпы шығын 903,4 млн сумға есептеледі.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, жәбірленушілер арасында ауған азаматы Мирахмад Абдулрахим де бар. Блогер 2021 жылы оның сеніміне кіріп, әйелі тартып алған пәтерге қатысты журналистік зерттеу жүргізіп, көмектесуге уәде берген. Ол үшін 250 доллар алған. Бірақ сол күйі уәдесін орындамаған.

Сонымен бірге мемлекеттік қорық директорының орынбасарынан оған қарсы видео барын айтып, оны жарияламау үшін 70 мың доллар, кейін 60 мың, соңында 45 мың доллар талап еткен.

2022 жылдың желтоқсан айында Абдукодир Муминов өзіне белгісіз біреулердің шабуыл жасап, көлігінің терезесін сындырып, халықтың проблемасы көтерілген сұқбаттар бар таспаны алып кеткенін мәлімдеген. Бұл оқиға бойынша "бұзақылық" бабымен іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG