Құзырлы мекеме мәліметінше, 2007 жылы туған қыз бір ай бұрын танысу сайтында бір ер азаматпен танысқан. Аз уақыт әңгімелескен оқушы қыз бейтаныс жігітпен 24 шілдеде кездесуге келіскен.
"Сол күні ер азамат кәмелет жасқа толмаған қызға Съезжинская көшесіндегі қонақүйде сағат 14:00-ден 16:30-ға дейін заңсыз әрекеттер жасаған" деп хабарлады полиция.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Өзбекстан азаматы бұрын бірнеше мәрте сотталғаны анықталып отыр.
Тоғызыншы сынып оқушысы бейтаныс жігіттің зорлығына ұшырағанын полицияға өзі хабарлаған. "Адам зорлау" қылмысы бойынша іс қозғалды.