Жол апаты 21 шілдеде Куляб қаласына кіреберісте болған. Рустам Нозимзода автокөлікпен үлкен жылдамдықпен 83 жастағы Амрохон Аломатовты қағып кеткен. Чагам ауылының қарт тұрғыны соның салдарынан қайтыс болған.
Хатлон облыстық прокуратурасы тексеру жүріп жатқанын хабарлады. Прокуратура мәліметінше, жол апаты болған уақытта Рустам Нозимзода милицияда қызметте болмаған.
Алайда Азаттықтың Тәжік қызметінің дереккөздері прокуратура мәліметін жоққа шығарып отыр. Нозимзода апатқа ұшыраған уақытта Восей аудандық МАИ басшысының орынбасары қызметін атқарып жүрген.
Күдіктімен сөйлесу мүмкін болмай отыр. Марқұмның туыстары жол апатына кінәліні жазалауды талап етті.