Ссылки доступа

Баку Ереванның Таулы Қарабаққа гуманитарлық көмек жеткізуін "арандату" деп атады 


Әзербайжан Лачын дәлізі арқылы 19 жүк тасушы көлік керуенін Армения өткізбей қойды. Ереван Таулы Қарабаққа гуманитарлық көмек жеткізбек болғанын мәлімдеген.  

Армения үкіметі 25 шілдеде Таулы Қарабаққа 360 тонна ұн, өсімдік майы, қант және басқа да қажетті азық-түлік түрлерін жеткізуге әрекет еткенін мәлімдеген.

Бірақ 26 шілдеде Лачын дәлізіне жеткенде, әзери әскері оларды кіргізбей қойған.

Әзербайжанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) автокеруендердің жөнелтуін "арандатушы" деп атап, оны елдің аймақтық тұтастығына кедерді келтіру әрекеті деп айыптады. Президент Илхам Әлиевтің көмекшісі Ереван Әзербайжанға қатысты "аймақтық дәмесінен бас тартуы керек" деп мәлімдеді.

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабаққа гуманитарлық көмек жөнелту әрекетін қолдады. "Таулы Қарабақтағы армяндардың жағдайына көз жұмып отыра алмаймыз. Ол жерге гуманитарлық мақсатта 360 тонна азық-түлік жөнелтілді", - деді Никол Пашинян.

Лачын дәлізі - Армения мен Таулы Қарабақты байланыстыратын алты шақырымға созылған дәліз. 1992 жылдан 2020 жылға дейін оны Таулы Қарабақтың жікшіл билігі бақылауына алып келген. 2020 жылдың қараша айында Лачын дәлізінде Ресейдің бейбіт орнату күштері орналасқан.

2023 жылдың 23 сәуірінде Лачын дәлізіне Әзербайжан бақылау-өткізу бекетін орналастырған. Дәліз 15 маусымда жабылғаны хабарланған.

Халықаралық заңдарда Таулы Қарабақ Әзербайжан аймағы болып есептеледі. Ол жақта 100 мыңдай этностық армян тұрады.

XS
SM
MD
LG