Оның айтуынша, мұндай жағдай электр қуатын тұтынушыларға - тұрғындар мен кәсіпкерлерге әсер етпейді.
"Инвесторлар электр станциясын салғысы келеді, бірақ жер мәселесін шешу қиын. Үш жыл бойы құжат жинап жүрген адамдар бар. Біз осы мәселе бір мекемеде шешілуі керек деп есептейміз. 2026 жылға дейін тапшылық мәселесін шешіп, электр қуатын экспорттауға көшуіміз керек" дейді министр.
Еске салайық, 1 тамызда Қырғызстанда энергетика саласында төтенше жағдай күшіне енеді. Тиісті жарлыққа президент Садыр Жапаров қол қойған.