Биліктің мәліметінше, 30 шілдеде екі бала өзін жайсыз сезініп, құсып, іші өткен. Ертеңіне тағы 10 бала осындай күйге түскен. Бәрі ауруханаға жатқызылған. "Дәрігерлер бар күш-жігерін салса да, сәбидің бірін құтқара алмады" дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова 12 баланың да уланғанын, бірақ әзірге неден уланғаны белгісіз екенін айтты.
Әкімдік директордың міндетін атқарушы қызметінен шеттетілгенін, арнаулы комиссия құрылғанын мәлімдеді. Қылмыстық іс қозғалған.
Басқарма мәліметінше, балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 160 аса бала тұрады.