Ссылки доступа

"Тәжік Эйр" әуе компаниясы ұшақтарын қайта жандандыратынын мәлімдеді


Миллиондаған қарызға батып, төрт жылдан бері ұшпай қалған "Тәжік Эйр" әуе компаниясы рейстерін қайта жандандыруды шешті.

Мұндай шешім түркиялық компаниядан екі ұшақты жалға алу келісімінің негізінде қабылданған. Әуе компания жетекшілігі рейстер екі айдан кейін ұшатынын мәлімдеді.

"Тәжік Эйр" түркиялық Southwind компаниясының "Аэробус" ұшақтарын жалға алады. Олар жақын күндері Душанбеге жіберіледі.

"Тәжік Эйр" ұлттық әуе компаниясы көптен бері қаржылық қиындықтардан шыға алмай келеді. 2018 жылы Вильнюстың Арбитраж соты әуе компанияны литвалық өндіруші Skyroad Leasing компаниясына 23 миллион доллар төлеп беруге міндеттендірген.

"Тәжік Эйр" әуе компаниясы ұшақтарының бір бөлігі шетелдік әуежайлардағы қарызы үшін қамалған. Қызметкерлерінің көбі ақша төленбейтін демалысқа жіберілген.

"Озоди" радиосының 2021 жылдағы зерттеуіне сәйкес, "Тәжік Эйр" салық қызметіне, банктерге, әуежайларға және техникалық қызметтерге 40 миллион доллардан астам қарыз.

Компанияның ұшақтары қай бағытқа және қашан ұшатыны белгісіз. Әзірге "Тәжік Эйр" әуе компаниясы үшін халықаралық әуе жолдары жабық.

XS
SM
MD
LG