Ссылки доступа

Тәжікстанның солтүстігінде бір сарбаз түсініксіз жағдайда қайтыс болды


Әбубәкір Хусейнзода
Әбубәкір Хусейнзода

Тәжікстанның солтүстігінде орналасқан Мастчох ауданындағы әскери бөлімде 22 жастағы сарбаз Әбубәкір Хусейнзода түсініксіз жағдайда қайтыс болды.

Әскери бөлім өкілдері марқұмның туыстары қаралы хабарды мәйітті берер кезде естіртіп, Әбубәкір 4 тамызда бөлім дәлізінде «құлап түсіп, өліп кеткенін» айтқан. Алайда жас жігіттің туыстары марқұмның желкесінде «ауыр соққы ізі» қалған деп отыр.

Сарбаз 5 тамызда Соғды облысы Деваштич ауданындағы Ови қышлағында жерленді.

Марқұмның туыстарының айтуынша, Әбубәкірдің артында әйелі мен бір баласы қалды. Әбубәкір Худжандтағы институтты тәмәмдаған соң «өз еркімен» әскерге барған. Ол Бустон қалашығындағы шекара бөлімінде қызмет еткен.

Ресми құрылымдар сарбаз өліміне қатысты ешқандай мәлімет таратпай отыр.

Тәжікстан үкіметі БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне жолдаған баяндамасында 2019-2021 жылдар аралығында тәжік армиясында 100-ден астам сарбаз қайтыс болған.

Тәжікстан бас прокуратурасы кейінгі үш жылда әскери бөлімдердегі қылмыстарды жасырғаны үшін 630 қызметкер қылмыстық жауапқа тартылған.

XS
SM
MD
LG