7 тамызда бақылау органы таратқан мәліметке қарағанда, 28 жастағы Сафаров Бахтовар Түркияда ұсталып, Тәжікстанға өткерілген.
Мәліметте Бахтовар Сафаровтың осыған дейін заңсыз есірткі саудасы үшін сотталғаны айтылған.
Бас прокуратура хабарлағандай, Бахтовар Сафаров қылмыс жасаған күннің ертесіне, 2023 жылдың 24 маусымында Түркияға қашып кеткен.
"Қазір аталған қылмыстық істің аясында ұйымдасқан қылмыстық топтың лидері және 15 мүшесі анықталып, олардың 13-і қамауға алынды", - деген мәліметте.
"Ориёнбанк" төрағасының бірінші орынбасары Шухрат Исматуллоевты белгісіз адамдар 23 маусымда Душанбеде көлікке салып ұрлап әкеткен.
Тәжікстанның бас прокуратурасы оны азаптап өлтіргенін мәлімдеген. Марқұмның денесін жасыру үшін Зарафшан дариясына ағызып жіберген. Қазір оның денесін іздестіру жұмыстары жүріп жатқаны айтылады.