Ссылки доступа

Ташкентте 17 жастағы оқушы қызға шабуылдаған ер азамат 10 жылға сотталды


8 тамызда Ташкент қаласы Мирабад аудандық соты биыл сәуірде оқушы қызға шабуылдаған ер азаматқа үкім шығарды. Бұл туралы Өзбекстан Жоғарғы соты хабарлады.

Самарқанның 26 жастағы тұрғының үстінен қозғалған қылмыстық іс сотта жабық қаралды.

Әлеуметтік желілерде бір ер азаматтың жас қыздың артынан келіп, оның аузын қолымен тұмшалап, жерге жыққаны туралы видео тараған. Содан кейін әлгі жігіт қашып кеткен. Сол күні оны ұстаған. Оқушы қызға шабуылдаған адамның 1997 жылы туған Озод О. екені анықталған.

Сот үкімімен күдікті «18 жасқа толмаған азаматты зорлауға ұмтылу» қылмысы бойынша 10 жылға сотталды. Ол жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді.

XS
SM
MD
LG