Ссылки доступа

Asia Park Бішкекте ресейлік компанияларға арнап қойма салып жатыр деген ақпаратты терістеді


"Азия парк" кәсіпорны Бішкекте ресейлік компаниялар үшін қойма салып жатыр деген ақпаратты теріске шығарды.

"Біз қойманы "Азия" және "Азбука" дүкендер желісі және бірқатар фармацевтикалық компаниялар үшін Қырғызстан заңына сәйкес салып жатырмыз", - деп жазылған компания таратқан мәліметте.

"Коммерсантъ" басылымы Қырғызстанның экс-премьер-министрі Өмірбек Бабановтың отбасымен байланысы бар фирма ресейлік компаниялар үшін Бішкектің жанынан ірі қойма салып жатқанын мәлімдеген. Онда басылым бұл жобаның кеңесшісі NF Group компаниясына сілтеме жасаған.

"Азия парк" деп аталған кешеннің көлемі 28,8 гектар, ал қойманың өзі 165 мың шаршы метр болады. Жобаны "Траст KG" фирмасы іске асырып жатыр.

Әділет министрлігіндегі мәліметке қарағанда, бұл компания басшысы - Жаныбек Мырзабаев. Ол "Мбанк" коммерциялық банктің директорлар кеңесінің мүшесі.

"Коммерсантъ" жергілікті басылымдарға сүйеніп, Мырзабаевтың Бабановтың жиені екенін жазған.

Басылымның кеден брокерлері арасындағы дереккөзі Қырғызстан еуропалық санкция салынған жүкті белсенді түрде жөнелтіп жатқанын айтып берген.

Бабанов 2021 жылы мамыр айында "Құмтөр ісі" бойынша айыпталып, қамауға алынған. Көп өтпей, екі айдан соң емделуге шетелге шығып, бірақ күзде қайтып оралған. Оған Кой-Таш оқиғаларына қатысты айып тағылған, бірақ былтыр тамыз айында сот оны ақтаған.

XS
SM
MD
LG