Ссылки доступа

Бұхарада үш күндік нәрестені көшеге тастап кеткен


Өзбекстанда Бұхара облысы Қарақұл ауданында 28 жастағы әйел үш күндік нәрестені көшеге тастап кеткен. Бұл туралы осы өңірдің милициясы хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, 8 тамызда түнгі сағат 01:30-да Қарақұл ауданының орталығында күзетте болған инспектор аудандық аурухана маңында жылаған баланың даусын естіген. 3-5 күндік нәрестені жасыл пакеттің ішіне салып, ғимараттың сыртқы қабырғасының бір бұрышына тастап кеткен.

Құқық қорғаушылар нәрестені аудандық аурухананың балалар бөліміне апарған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Тексеру барысында бала 2023 жылғы 4 тамызда осы аудандағы үйлердің бірінде дәрігерлердің қатысуынсыз дүниеге келгені анықталған. 7 тамызда 1995 жылы туған әйел баланы пакетке орап, көшеге тастап кеткен.

Қазір тергеу алдындағы тексеру жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG