Ссылки доступа

Өзбекстанда Marion Biotech компаниясының шәрбатынан 65 бала көз жұмған


Өзбекстанда Үндістанда шығарылған Marion Biotech дәрілік шәрбатынан 65 бала қайтыс болған. Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметте айыптау актісінде осындай цифр көрсетілген.

Қаңтар айында өзбек билігі аталған дәрілік шәрбаттан 20 баланың қайтыс болғанын мәлімдеген.

Осының алдында Reuters агенттігі Marion Biotech шәрбатына қолданылған пропиленгликолды Maya Chemtech India компаниясынан сатып алынғанын жазған. Фармацевтикалық материалдарды сатуға лицензиясы жоқ бұл компания өкілдері олар сатқан пропиленгликолды өндірістік мақсатта ғана қолдануға болатынын мойындаған.

"Біз Marion Biotech бұл затты жөтел сиробын дайындауда қолданғысы келгенін білмедік", - дейді Maya Chemtech India компаниясының атын атағысы келмеген өкілі.

Агенттіктің екі бұлағы сироптың құрамында сұйық кір жуатын құралдар, антифризді және басқа да улы заттарды өндіруде қолданылған пропиленгликол бар екенін жеткізген.

XS
SM
MD
LG