Ссылки доступа

"Қазақтелеком" видеоблогерді әзіл ролик үшін сотқа беруі мүмкін (видео)


"Қазақтелеком" блогермен соттасқысы келеді.

Екібастұздық Мұрат Нүкин елдегі интернет сапасына қатысты бір минуттың сықақ ролик жазған.

Видео вирус секілді тез тарап, оны миллиондаған адам көрген. Бірақ блогер әзілі елдегі ірі телеком-оператор «Қазақтелеком» көңілінен шықпапты. Компания Нүкиннен роликті интернеттен алып тастауды талап етіп, сотқа берем деп қорқытқан.

Автор роликтегі кейіпкерлер ойдан шығарылғанын ескерткен, бірақ көпшілік оны өзекті тақырып деп қабылдаған.

«Сіз маған дұрыс интернет жеткізіңіз!» деп талап еткен тұтынушы.

«Шыдаңыз, одан басқа қандай амалыңыз бар? Өйткені бұл – Жаңа Қазақстан! Сіз шыдау керексіз!» деп жауап берген «техқолдау операторы».

Видео астына мыңдаған адам пікір жазып, елдегі байланыс сапасын сынаған.

"Интернет жоқ, бірақ сіз шыдаңыз. Осылай 30 жыл бойы шыдап келеміз!" деп әзілдейді әлеуметтік желідегілер.

«Қазақтелеком» әзіл ролик компанияның іскерлік абыройына нұқсан келтірді деп есептеп, оны алып тастауды талап етіп отыр. Алайда автор компания талабымен келіспей, роликті өшіруден бас тартты. Блогерді әлеуметтік желілердегі жүздеген адам қолдаған.

XS
SM
MD
LG