Ссылки доступа

Қырғызстан Қазақстанға су беруді тоқтатты


Киров су қоймасы
Киров су қоймасы

Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрлігі 13 тамызда Азаттыққа хабарлағандай, мұндай келісімге тараптар шілде айында Бішкекте өткен кездесуде келген.

Ақпаратқа сәйкес, 17-19 шілде күндері Бішкекте Қырғызстан мен Қазақстанның су мәселесі бойынша өкілдерінің кездесуі өткен.

Онда қазақ тарап Талас дариясының бассейнінде су жетіспеушілігін, Жамбыл облысында егінді алқапты суғару ауыр болып жатқанын айтып, Киров су қоймасынан суды көбірек беруді сұраған.

"Қазақстан 18-31 шілде аралығында Киров су қоймасынан бұрын келіскендей секундына 40 текше метр емес, 45 текше метр су беруді сұрады. Қырғызстан бізде де егінді алқап қурап жатқанын айтып, судың ағысын көбейте алмйтынын білдірді. Сонымен бірге қазақ тарапқа егер суды секундына 45 текше метр бергенде 3,54 млн текше метр лимит 4 тамызда аяқталатынын ескерттік. Соған қарамастан, қазақ тарабы өтінішінен бас тартқан жоқ. Нәтижесінде екі тарап Қазақстанға тамыздың ортасынан бастап Қазақстанға су берілмейтінін анықтайтын қаулыға қол қойды", - деп жазылған мәліметте.

Ауыл шаруашылығы министрлігі су мәселесі Таласта бүгінгі күні де су жетіспейтінін, Киров су қоймасына секундына 1,3 текше метрден ғана су келіп жатқанын мәлімдеді. Былтыр осы уақытта су қоймасына келген су секундына 13,7 текше метрге жеткен.

Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі Қырғызстан Қазақстанға 4 тамыздан бастап Киров су қоймасынан су беруді тоқтатқанын мәлімдеген.

Мекеме сайтында Қазақстанға аталған су қоймасынан секундына 45 текше метр су берілуі керек болса, қазір бірде бір текше метр су өтпей жатқаны жазылған.

Оған сәйкес, Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бидай, қант қызылшасы және пияз егілген 4 мың гектар алқап қурап қалу алдында тұрғаны айтылған.

Киров су қоймасында судың көлемі 9 тамызда 32,48 млн текше метрді құраған. Былтыр осы уақытта су қоймада 177,28 млн текше метр су болған.

XS
SM
MD
LG