Ссылки доступа

Петербургте әскери комиссариатты өртегісі келді деген күдікпен бір өзбек азаматы ұсталды


9 қазанда Санкт-Петербург қаласында "ұйымдасқан топтың теракт жасауға талпынысы" туралы қылмыстық іс бойынша өзбек азаматы Давронбек Юлдошев ұсталды.

Тергеу мәліметінше, ол әскери комиссариат маңында бір шқлмек бензинмен қолға түскен.

Тергеу нұсқасына қарағанда, Юлдошев 11 тамызға қараған түні Большая Монетная көшесіндегі әскери комиссариатқа от қойғысы келген, бірақ ұсталып қалған. Комиссариатта не істеп жүргенін Юлдошев түсіндіре алмады деп хабарлады "Север.Реалии" басылымы.

РАПСИ мемлекеттік агенттігінің мәліметінше, Юлдошевке әскери комиссариатты өртеуге Telegram'дағы бір сырттай таныс қызы кеңес берген. Тергеу ол қыздың артында украин арнайы қызметі тұр деп есептейді.

Кейінгі бірнеше аптада Ресейде кем дегенде 30 мәрте әскери комиссариат өртеуге талпынған. Мұндай мәліметті "Медуза" таратты. Осындай әрекетке барғандардың дені 50-ден асқан адамдар. Тергеу мәліметінше, оларға мұндай әрекетке баруға телефон алаяқтары мәжбүрлеген. "Верстка" басылымы комиссариат өртегісі келгендердің дені әйелдер екенін анықтаған. 31 шілдеден бері Петербург пен Ленинград облысында кем дегенде төрт мәрте әскери комиссарт өртеуге талпынған.

"Медиазона" баслымының хабарлауынша, жеті адам мүлікті қасақана бүлдіру айыбымен істі болған. Олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Екі адамға бұзақылық айыбы тағылған. Олар ары кетсе сегіз жылға сотталуы мүмкін. Тағы екі адамға теракт жасау айыбы тағылған. Мұндай қылмыс үшін 20 жылға дейін соттайды.

XS
SM
MD
LG