Ссылки доступа

Иран Шираз қаласындағы мешітке шабуыл жасаған тәжікстандық екенін мәлімдеді


Шираз қаласындағы Шах-Черах мешіті, 13 тамыз, 2023 ж.
Шираз қаласындағы Шах-Черах мешіті, 13 тамыз, 2023 ж.

Иранның Шираз қаласындағы Шах-Черах мешітіне шабуыл жасады деген күдікпен сегіз шетел азаматы ұсталған. Бұл жөнінде "Мизан" агенттігі Фарс провинциясының бас прокуроры Казем Мусавиге сілтеме жасап хабарлады.

Оның сөзінше, мешітке оқ атқан адам бірден ұсталған. Тергеу барысында ол тәжікстандық екенін айтқан.

Болжам бойынша, күдікті мешітке кіріп бара жатқанда күзет қызметкерлері тоқтатқан кезде оқ атқан.

Бұл оқиға жөнінде тәжік билігі пікір білдірмеді.

Ирандағы шииттер үшін ең қасиетті саналатын бес орынның бірі есептелетін Шах-Черах мешітінде 13 тамызда оқ атылып, кемінде бір адамның өмірі қиылып, сегізі жарақат алған.

Шабуылға ешбір ұйым жауапкершілік алмады.

Шах-Черах мешітінде былтыр қазан айында теракт болып, 15 адам қаза тапқан. Ол кезде "Ислам мемлекеті" шабуылды мойнына алған.

XS
SM
MD
LG