Ссылки доступа

Ташкентте Zo’r TV телеарнасы журналистеріне шабуыл жасалды


14 тамызда Zo'r TV телеарнасының журналисі мен операторы әуежай ауданындағы жолда салынып жатқан көпірдің тіреуіштері құлап қалғанын түсіруге барған. Оларды сол жерде құрылыс меңгерушісі ұрған.

Daryo.uz басылымының хабарлауынша, Zo'r TV телеарнасының операторы Сардорбек Юлдашевтің мұрны сынған, журналист Нұрзодбек Вахидов та жараланған.

Әлеуметтік желілерде таралған видеода бір адам журналистерден видеоға түсіруге рұқсаты бар-жоғын сұрап, оларды құрылыс аймағынан қуып шығуға талпынған, сосын операторға жұдырық ала жүгірген.

"Узбекистон темир йуллари" компаниясының мәліметінше, операторға көпір құрылысы бөлімінің басшысы Н. Ешниязов шабуылдаған. Ол жұмыстан шығарылған. Компания журналиске жасалған шабуылды сынаған.

Бұның алдында көлік прокуратурасы әуежай ауданында салынып жатқан көпір тіреуіштерінің құлауына байланысты үш адамға қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG