Ссылки доступа

Қырғызстан президенті мен Өзбекстан премьері әріптестікті арттыруға қатысты пікір алмасты


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 15 тамызда Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріповті қабылдады. Өзбек үкімет басшысы көрші елге бірлескен комиссия отырысына қатысуға келді.

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында олар Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы саяси, сауда және экономикалық, мәдениет және гуманитарлық салалардағы әріптестікті әрі қарай кеңейтуге қатысты пікір алмасты. Садыр Жапаров қырғыз-өзбек қарым-қатынасы барлық салада түрленіп келе жатқанын атап өтті.

Қырғызстан президенті кейінгі жылдары екі ел арасындағы сауда артқанын айтып, үкіметтер қолға алған жоспарлар іске асатынына сенім білдірді.

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріпов Шавкат Мирзияевтің Қырғызстанға сапары кезінде қабылдаған тарихи шешімдерге баса назар аударды. Ол қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау мен демаркациялау ісінің аяқталғанын атап өтті.

Кездесу барысында бірлескен жобалар мен жоспарларды жүзеге асыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

XS
SM
MD
LG