72 жастағы Оиша Абдуллоева 16 тамызда Азаттықтың Тәжік қызметімен телефонмен әңгімеде қауіпсіздік қызметкерлері одан Шарофиддин Гадоев пен басқа да ұлдары қайда тұратынын сұрағанын айтты.
"Мен оларға Шарофиддин Германияда тұратынын айттым. Олар менен ұлым есірткі тұтына ма, насыбай ата ма, ішімдік іше ме деп сұрады" дейді ана.
Шарофиддин Гадоев анасының тергелуін өзінің саяси қызметімен және Ресейдің Украинадағы соғысына қатысты ұстанымымен байланыстырып отыр.
"Бұған қоса, Тәжікстан үкіметі маған қарсы Ресейде жаңа іс ашып, менің шетелге шығуыма бөгет жасауға мүдделі. Ресей болса Тәжікстандағы демократиялық күштерді тұншықтыруға мүдделі" деп есептейді оппозиционер.
Тәжікстан билігі әзірге Шарофиддин Гадоев пен оның анасының мәлімдемесіне қатысты ешқандай реакция білдірмеді. Гадоеваны нақты қандай құрылым өкілдері тергегені белгісіз.
Шарофиддин Гадоев "24 топ" ұйымын құрушылардың бірі. Ол Тәжікстаннан 2010 жылдардың басында кетуге мәжбүр болған. Шетелде ол Тәжікстанды дамыту және реформа үшін қозғалысын құрған, ал 2018 жылғы қыркүйекте оппозициялық күштердің Ұлттық альянсы құрылтайшыларының бірі болған.
Қазір ол Нидерландта тұрып жатыр.