Ссылки доступа

"Алғашқы ресейлік смартфон" санкциядан қашу үшін нотификациясын Қазақстанда тіркеген


Ресейде шығарылатын "бірінші смартфон" "Р-Фон"-ның құны 40 мың рубль (430 долларов) көлемінде болмақ.

Алайда оның базасы 17 мың рубль (183 доллар) болатын қытайлық ОС Linux телефоны негізінде жасалған.

"Р-Фон" телефонын Ресейдің бұрынғы байланыс министрі Леонид Рейманға тиесілі "Рутек" компаниясынан шығармақ.

Бұл телефонның суретін телеграм каналына Ресейдің әлеуметтік желі және мессенджерді кәсіби қолданушылардың қауымдастығының төрағасы Владимир Зыков жариялады. Ол бұл құрылғы келесі жылы нарықта сатыла бастайтынын мәлімдеген.

"Оның бөлшектері Ресейде жасалынбайтыны анық, бірақ мұндай телефон бұрын-соңды болған емес", - деген Зыков телефонға "Made in Russia" деп жазылатынын да ескерткен.

Алайда, "Рутек" нотификациясын санкциядан қашу үшін Ресейден емес, Қазақстаннан тіркеген.

2007 жылы The Wall Street Journal басылымы "Рутек" компаниясы "Р-Фон" смартфонын шығарғалы жатқанын, бұл мақсатта немістің Siemens компаниясын "сатып алуға" келісім жүргізіп жатқанын жазған.

Онда сонымен бірге "Связьинвест" компаниясы 2002 жылы Siemens компаниясымен құрылғылар сатып алу үшін 150 млн долларға келісімге келгенін де атап өткен. Бірақ Siemens бұл мәліметті теріске шығарған.

XS
SM
MD
LG